04.09.2007, 16:23 3006

Шымкенттік зейнеткерлер бағаның өсуімен ұйымдасқан түрде күреспекші

Шымкенттің зейнеткерлері қоғамдық ұйым құрып, қадағалаусыз өсіп бара жатқан бағамен күреспек ниетте. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында бастамашы топтың мүшелері мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Шымкенттің зейнеткерлері қоғамдық ұйым құрып, қадағалаусыз өсіп бара жатқан бағамен күреспек ниетте. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында бастамашы топтың мүшелері мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Біз жан сақтау үшін бірігеміз",- деп мәлім етті бастамашы топтың өкілдері. Қарт адамдардың түсіндіруінше, олар азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасын төмендетуге қол жеткізбек, әйтпесе, алдағы қыста олардың "суық пәтерде нан мен суды талғажау етіп, "диета" ұстап отыруға тура келмек".

Бәрінен де нанның бағасы өскендігі зейнеткерлердің наразылығын тудырған. "Нан сияқты қажетті өнімнің бағасының көтерілуі дұрыс емес деп санаймын, себебі біздің зейнеткерлер ең төменгі зейнетақы 9800 теңге негізінде жан бағады",- деді бастамашы топтың мүшесі Фаина Мурина.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар осындай жағдайға билікті кінәлады. "Бұған біздің үкімет кінәлі, антимонополдық комитет кінәлі. Олар монополистердің ыңғайына жығылады. Ирине, біздің мүддемізді ешкім де қорғамайды",- деді бастамашы топ мүшелерінің бірі.

Дегенмен, болашақ қоғамдық бірлестіктің мүшелері өз әрекеттерінің жоспарын әлі құрған жоқ. Бірақ баспасөз мәслихатында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зейнеткерлердің кедейшілік ахуалын баяндап, хат жолдау жөніндегі ұсыныс айтылды.

"Президент бізді есту үшін оның өзіне шығу керек",- деп аяқтады бастамашы топ мүшелерінің бірі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны