29.07.2015, 17:28 3596

Шымкенттік жұмысшылар көк байрақпен қоқыс тасып жүр

Тапа-тал түсте көк байрағымызды аяқ асты етті. Шымкенттік жұмысшылар мемлекеттік тумен қоқыс тасып жүр. Иә, иә, шынымен-ақ қоқыс жинауға еліміздіӊ көк байрағын пайдаланған. Мұны шымкенттік бір тұрғын суретке түсіріп алып, біздіӊ редакцияға жіберген

Шымкент. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Тапа-тал түсте көк байрағымызды аяқ асты етті. Шымкенттік жұмысшылар мемлекеттік тумен қоқыс тасып жүр. Иә, иә, шынымен-ақ қоқыс жинауға еліміздіӊ көк байрағын пайдаланған. Мұны шымкенттік бір тұрғын суретке түсіріп алып, біздіӊ редакцияға жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Анықтап қарасаӊыздар қоқыс жинайтын көліктіӊ kz 844 AH 13 мемлекеттік нөмірі анық байқалады. Яғни Оӊтүстік Қазақстан облысына қарасты мемлекеттік көлік нөмірі. Қала билігі мен құқық қорғаушылар көлік нөмірі арқылы бұл бейбастақтықты кімдердіӊ жасағанын анықтап, тиісті жазасын береді деп сенеміз. Себебі ҚР Икімшілік құқықбұзушылық туралы кодексініӊ 354-1-бабы - "Мемлекеттік туды қолдану тәртібін бұзу" бойынша жауапкершілікке тарту көзделген, деп хабарлайды huk.kz тілшісі.

Соӊғы кездері елімізде осындай әрекеттер көбейіп бара жатқаны қынжылтады. Мәселен 2012 жылы Атырау қаласында да тура осындай жағдай тіркелген болатын. Ал былтыр жазда Алматыда Мемлекеттік туды кенеп орнына пайдаланған жүк көлігініӊ жүргізушісі сотта жауап берген еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны