12.02.2018, 20:53 4951

ШҚО әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

Алмасхан Сматлаевтыӊ төрт жоғары білімі бар. 2011 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін "экономика" мамандығы бойынша тәмамдады

Өскемен. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов кеӊейтілген аппарат жиынында өзініӊ жаӊа орынбасарын таныстырды. Облыс әкімініӊ өкіміне сай бұл лауазымға бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы болған Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев тағайындалды.

Алмасхан Сматлаевтыӊ төрт жоғары білімі бар. 2011 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін "экономика" мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар АҚШ-тыӊ Пельсинвания штатындағы Блумгер университетінде "халықаралық экономика" бакалаврын алды. 2012 жылы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде "қаржы және несие" мамандығын меӊгерді. 2015 жылы аталған білім ордасында "Мемлекеттік және муниципальді басқару" магистрі біліктілігін иеленді.

Еӊбек жолын 2009 жылы Мәскеу қаласында "Корал Групп" ЖШҚ бас директорыныӊ орынбасары лауазымында бастады. 2011 жылдыӊ қарашасында "Сервис и Технологии ИНВЕСТ" ЖШҚ бас директоры болып тағайындалды. 2012-2014 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі Секретариатыныӊ консультанты, кейін кеӊесшісі болып қызмет атқарды.

Жаӊа орынбасарын таныстырған Даниал Ахметов Алмасхан Сматлаевқа аймақтағы қаржы тәртібін күшейтуге, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы көздеріне баса назар аударуды тапсырды.

Бұған дейін аталған лауазымын иесі болған Ринат Мұратұлы Омаров енді Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ аппаратын басқарады.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны