05.01.2012, 09:12 3311

ШҚО аусыл дертін жұқтырған 2,7 мыңнан астам малдың көзі жойылды

Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданында аусыл жұқтырған 1076 ірі қара мен 1705 бас ұсақ малдың көзі жойылған.

Өскемен. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО аусыл дертін жұқтырған 2,7 мыңнан астам малдың көзі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданында аусыл жұқтырған 1076 ірі қара мен 1705 бас ұсақ малдың көзі жойылған.

"2012 жылдың 4-қаңтарындағы жағдай бойынша, індет ошақтарында (Ұржар а/о, Бақты а/о, Қаработа а/о) 1076 ІҚМ мен 1705 бас ұсақ малдың көзі жойылды. Тағы 64677 бас ірі қара мен 212062 бас ұсақ мал және 7175 бас шошқа егілді", - деп айтылған хабарламада.

Егу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ведомство.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны