11.07.2012, 14:29 3884

ШҚО балаларды сауықтыру лагері ашылды

Оны құруға фермерлік шаруалықтың және аудандық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лагерьді құруға атсалысқан бизнесмендерге алғысын білдірді.

Өскемен. 11-шілде. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Глубокий ауданында орналасқан Малоубинка ауылында жуырда салтанатты түрде "Балауса" атты балалар сауықтыру лагері ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оны құруға фермерлік шаруалықтың және аудандық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лагерьді құруға атсалысқан бизнесмендерге алғысын білдірді.

Облыстың ақпараттық орталығынан хабарлағандай, әкім Глубокий ауданында мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бойынша бірнеше шаруа қожалықтарын аралап шықты. Кездесу барысында ауылшаруашылықтың техникасын жаңарту, пішен шабу үшін жер бөлу, фермерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері көтерілді.

Икім "Астана" шаруа қожалығында "австралиялық" арнайы техникасымен танысты. Бас директор Фарид Ибітаевтың сөзіне қарағанда, бұл техника жергілікті жағдайға рельеф бойынша ыңғайлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны