10.10.2006, 10:30 3288

ШҚО Беген орман шаруашылығында болған өрттің салдарын жоюға үкімет 250 млн. теңге бөледі

Өскемен. 10 қазан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы Беген орман шаруашылығында болған өрттің салдарын жоюға және баспанасыз қалған тұрғындарға көмек ретінде үкімет қорынан 250 млн. теңге бөлінеді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жаудың салдарын жою шаралары белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда Беген орман шаруашылығында жапа шеккен тұрғындарға баспана салынатын орын белгіленді. Оған қоса, екі ай ішінде барлық техникалық ережелерге сәйкестендіріп, үй тұрғызатын түрік компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр.

Сонымен қатар облыс басшысының бұйрығымен зардап шеккен отбасыларға Семей мен Курчатов қалаларынан коммуналдық тұрғын үй қорынан төрт пәтер бөлінді, тағы бір отбасыға Үржар ауданынан баспана беріледі. Зайсан ауданының әкімдігі де жеке тұрғын үйге көшті. Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында, аймақтың әрбір ауданы Беген орман шаруашылығында құрылысқа деп бөлінген жерге өз есептерінен бір үй тұрғызып немесе жапа шеккен бір отбасына баспана алып береді деген шешім қабылданған болатын.

Облыс әкімі Виктор Храпунов облыс жұртшылығының Беген тұрғындарына деген ерекше жанашырлығын атап өтті. Халық банкіде ашылған есепшотқа мемлекеттік қызметкерлер, облыстық ұйымдармен мекемелердін қызметкерлері зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударуда; облыстық мәслихат депутаттары 50 мың теңгеден аударған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны