11.12.2017, 20:01 3970

ШҚО Бесқарағай ауданына жаӊа әкім тағайындалды

ШҚО Бесқарағай ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Өскемен. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Бесқарағай аудандық мәслихат депутаттарыныӊ келісімі бойынша аймақ басшысы Даниал Ахметовтіӊ өкімімен Бесқарағай ауданы әкімі лауазымына Дәулет Батырбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлан ауданын басқарған болатын.

Жаӊа басшыны аудан активіне ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.

Дәулет Батырбаев 1976 жылы 7 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін "Бухгалтерлік есепке мамандандырылған экономист", 2001 жылы Новосібір гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдады.

Еӊбек жолын 1998 жылы Семей қаласында Новосібір гуманитарлық институтында әдіскер болып бастады. Бірнеше жыл "Азия" Фирма ЖШС брокер, директор, сонымен қатар, жеке кәсіпкер болып еӊбек етті. 2009 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, Өскемен қаласы кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман міндетінен бастады. 2010 жылы облыс орталығыныӊ Меновное ауылдық округі әкімініӊ орынбасары болды. Кейін бір жыл ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім басшысы қызметіне ауысты. 2012 жылы Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімніӊ басшысы, сол жылдыӊ шілде айында Ұлан ауданы әкімініӊ орынбасары қызметіне ауыстырылды. Бұл лауазымда 4 жыл бойы еӊбек етті. Ал 2016 жылы қаӊтарда Ұлан ауданы әкімі болып тағайындалды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны