08.07.2015, 11:38 2995

ШҚО полицейлері үш күн ішінде70 мас күйдегі жүргізушіні жауапка тартты

"Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел алдын алу шараларыныӊ үш күнінде ШҚО ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 70 жүргізушіні ұстады

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - "Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел алдын алу шараларыныӊ үш күнінде ШҚО ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 70 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тәртіп сақшылары аталған жүргізушілерге қатысты Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексініӊ 608-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғады.

Ал Жарма ауданыныӊ 37 жасар тұрғынына қатысты ҚР ҚК 379 - бабы бойынша қылмыстық өндіріс қоса қозғалды. Ол Қалбатау ауылында түнгі уақытта мас күйде "Ваз 21093" көлігін жүргізіп келе жатқанда жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Дәрігерлік куәландырудан бас тартқан мас жүргізуші полицейлердіӊ заӊды талаптарына бағынбай жасырынбақ болған. Қазіргі уақытта 37 жастағы азамат билік өкілдеріне бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Сонымен қатар, ЖАШ барысында белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 434 жүргізуші, қарама-қарсы жүру жолағына шыққаны үшін 17 жүргізуші, көлікті басқару барысында ұялы телефон қолданғаны үшін 365 жүргізуші жауапқа тартылды.

Ағымдағы жылдыӊ басынан бері заӊнамада көлікті мас күйде басқару, белгіленген жылдамдықтан асыру, қарама-қарсы жүру жолағына шығу, ұялы телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін қолданбау сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазалар қатайғанын ескертеміз. Статистика бойынша ЖҚЕ дәл осы бұзушылықтары ауыр салдарға әкеп соғады.

Сонымен, көлікті мас күйде жүргізгені үшін аталған ҚР ИПК-ніӊ 608- бабына сәйкес көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылады. Егер, мас күйде көлік басқарған адам апаттық жағдай тудырса, көлік басқару құқығынан 4 жыл мерзімге айырылады.

ШҚО ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны