12.03.2012, 13:31 3471

ШҚО су тасқынына дайындық қарқынды жүргізілуде

Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев жауапты қызмет органдарына су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынын арттыру жөнінде шұғыл тапсырмалар берді.

Өскемен. 12-наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО су тасқынына дайындық қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев жауапты қызмет органдарына су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынын арттыру жөнінде шұғыл тапсырмалар берді.

"Көктемгі күннің жылынуы күшіне енгіп келеді, қар суы молаюда. Мереке күндері су тасқыны қаупі бар жерлерге барып көрдім. Осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын арттыру қажет. Бұл бірінші кезекте саяжай алабына қатысты болып тұр", - деді Тәукебаев.

Қалалық ТЖ қызметінің мәліметтері бойынша, су тасқыны қаупін туғызатын 145 жер нысанаға алынған.

"Мұндай жерлерді жалаушалармен белгілеп, арнайы адамдардың кезекшілігін ұйымдастырдық", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны