02.09.2016, 13:34 3310

ШҚО-да 2016 жылы 29 мектепке дейінгі мекеме ашылады

Мектепке дейінгі мекеме өӊірдегі 68 889 баланы қамтап отыр. Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Глубковский, Зайсан, Зырян аудандарында осы сынды мекемелер тапшы болып отыр. Жалпы, 21 762 бала кезекте тұр.

Өскемен. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Білім күні Шығыс Қазақстан облысында 794 мектепке дейінгі мекеме жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Жоспарланған 29 балабақшаныӊ 6-уы есіктерін айқара ашты.

Оныӊ ішінде Өскемен, Абай және Жарма ауданындағы 4 балабақша бар. Зайсан ауданында шағын орталық пен балабақша жұмыс істей бастады. Мектепке дейінгі мекемелер жанынан 539 орындық топтар ашылды.

Мектепке дейінгі мекеме өӊірдегі 68 889 баланы қамтап отыр. Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Глубковский, Зайсан, Зырян аудандарында осы сынды мекемелер тапшы болып отыр. Жалпы, 21 762 бала кезекте тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны