31.07.2015, 13:36 6226

ШҚО-да қызметіне салғырт қараған 5 бас дәрігер жұмыстан кетуі мүмкін

ШҚО денсаулық сақтау басқармасыныӊ кеӊейтілген отырысында басқарманыӊ 1-ші жартыжылдықтағы жұмысы қортындыланды. Жиын барысында ведомство жұмысындағы бірқатар олқылықтар белгілі болды.

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - ШҚО денсаулық сақтау басқармасыныӊ кеӊейтілген отырысында басқарманыӊ 1-ші жартыжылдықтағы жұмысы қортындыланды. Жиын барысында ведомство жұмысындағы бірқатар олқылықтар белгілі болды. Таяуда құзырына қарасты аумақта ана мен бала өлімі орын алғаны үшін бес бірдей ауданныӊ бас дәрігері қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ШҚО Ақпараттық орталығыныӊ мәліметінше, биыл 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы өз мәресіне жетеді. Алайда, аймақтыӊ денсаулық сақтау саласындағы кейбір аудандардағы түйткілді мәселе көп. Мысалы Глубокое ауданында жұқпалы аурулардыӊ таралуына байланысты жағдай күрделі. Ал Тарбағатай мен Күршім ауданындарында ана өлімі оқиғасы көбейіп кеткен. Сондай-ақ, Аягөз, Көкпекті, Шемонаиха аудандарына бала өлімініӊ көрсеткіші әлі де түспей тұр. Жалпы аймақта өткен жылдыӊ 6 айымен салыстырғанда биылғы жарты жылда ана өлімі 67% артқан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Баяндамашылардыӊ сөзін тыӊдап шыққан облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар медициналық мекемелердіӊ қызметкерлерініӊ мардымсыз жұмысын сын-тезіне алды: "Сіздердіӊ қиын да күрделі жұмыстарыӊызға мемлекеттіӊ, халықтыӊ тарапынан талап күн санап артуда. Ирқайсыларыӊыз жұмыстарыӊыздыӊ қаншалықты маӊызды екенін түсінулеріӊіз керек. Бәріміз де халықпен жұмыс істейміз, тек көп жағдайда Сіздер біреудіӊ өмірі, тағдыры үшін жауапты боласыздар. Ана мен бала өлімініӊ алдын алуда не істедіӊіздер? Кінәлі мамандарға қатысты қандай шара қолданылды? Проблемалық мәселелер шешілуі, кемшіліктер түзетілуі тиіс. Адам өмірі тұрған жерде салғырттыққа жол жоқ, жауаптылар тиісті жазасын алады", - деп шорт кесті Ж. Омар.

Тұрғындардыӊ туберкулезбен ауруы көрсеткіші 18%-ға төмендегенмен, Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында жұқпалы дертке қатысты жағдай ушығып тұр. Құрт ауруынан өлім-жітім Өскемен, Глубокое, Жарма, Ұлан аударында жоғары.

Жиын нәтижесінде қызметтері сын көтермеген 5 ауданныӊ бас дәрігерлерініӊ ісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасыныӊ тәртіптік кеӊесінде қаралады. Сонымен қатар, көрсеткіштері мәз емес тағы 7 ауданныӊ бас дәрігеріне қатаӊ сөгіс жариялануы мүмкін. Егер сын түзелмесе, оларға да шара қолданылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны