22.05.2014, 20:24 3111

ШҚО-ның мәдениет қызметкерлері әкім сыйлығымен марапатталды

ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" белгісімен облыс қалалары мен аудандарының 16 адамы марапатталды. Солардың арасында аудандық Мәдениет үйі директорлары, сазгерлер, мен режиссерлар бар.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің өнер майталмандарымен кездесті.

Кездесуге облыстың шығармашылық ұжымы, ЖОО ректорлары, ақсақалдар, ардагерлер, мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Кездесу барысында мәдениет қызметкерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің "Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісімен облыстық архитектуралық-этнографикалық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев марапатталды.

ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" белгісімен облыс қалалары мен аудандарының 16 адамы марапатталды. Солардың арасында аудандық Мәдениет үйі директорлары, сазгерлер, мен режиссерлар бар.

Сонымен қатар, мәдениет пен өнер саласына қосқан үлесі үшін 11 адам "Идеби іс", "Мұражай ісі", "Клуб ісі", "Би", "Халық өнерін дамыту" номинацияларымен марапатталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны