16.04.2007, 11:07 1498

Штольняны тарту Кентаудағы су тасқыны проблемасын шешуге көмектеседі - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

ШЫМКЕНТ. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Штольняны тарту Кентаудағы су тасқыны проблемасын шешуге көмектеседі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Кентауға сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мәселені түбегейлі шешу үшін біз 40 метр тереңдіктегі осы штольняны тартып бітіруге тиіспіз",- деді Ө.Шүкеев жағдаймен танысқан соң. Оның айтуынша, "ол үшін қазір 150 млн теңге қажет". "Бұл мәселе үкіметпен келісілді", деді әкім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2500 шақырымдық штольня 2004-жылдан бастап тартыла бастаған. Қазіргі жағдаймен 74 метр жер қазылмай қалған.

Ө.Шүкеев биыл қаланың табиғи себептермен су ішінде қалғанын мәлімдеді. "Қар тез еріп, нөсердің тыйылмауы себеп болды. Биыл осы өңірде бұрын-соңды болмаған ылғал түсті, қыс қатал болып, қар көп жауды",- деді әкім. "Бұл судың бәрі осыдан екі жыл бұрын ту ішінде қалған шахталарға ағу салдарынан қайтадан ұңғылардан шыға бастады", деді ол.

Қазіргі жағдаймен жаңбыр тоқтағанымен, су деңгейі төмендемей отыр. Икімшілік қызметкерлерінің айтуынша, су ішінде қалған үйлердің 317 тұрғыны қалалық әкімшіліктен өтемақы сұрады. Алайда, шығын көлемі су деңгейі тұрақтанғаннан кейін ғана есептеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны