25.04.2012, 14:12 3490

Швейцарияда инновациялық тауарлар жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңкеде ұсынылған заттардың арасында жетілдірілген роботтан бастап, шармен жүретін арба, қауіпті ортада жұмыс істейтіндерге арналған киім және тағы да басқа инновациялық заттар бар.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Швейцарияда инновациялық тауарлар жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, оған әлемнің 46 елінен 789 ұйым қатысуда.

Жәрмеңкеде ұсынылған заттардың арасында жетілдірілген роботтан бастап, шармен жүретін арба, қауіпті ортада жұмыс істейтіндерге арналған киім және тағы да басқа инновациялық заттар бар. Жұмысшыларға арналған үрленетін киімді тайвандық компаниялардың бірі ойлап шығарған. Ол адамның дене бітіміне байланысты өзгере алатындай етіп жасалған. Мұндай арнаулы киім адамды газдан қорғай алады. Ал, виртуалды гольф ойыны болса, кәдімгі теледидар экраны арқылы үйден шықпай, гольф ойнауға мүмкіндік береді. Екі шардың ортасына бекітілген арба балаларға арналған ойын құралы. Инновациялық жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың арасында, алтынды ақшаға айырбастайтын банкомат, 12 тілдегі аудармаға қосылуды қамтамасыз ететін тыңдау құралы және өздігінен ылғалданатын тарақ бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны