10.10.2007, 17:00 3093

Швейцариялық кәсіпкерлер Семеймен ынтымақтастық орнатпақшы

Швейцариялық кәсіпкерлер Семеймен ынтымақтастық орнатпақшы.

Семей. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Швейцариялық кәсіпкерлер Семеймен ынтымақтастық орнатпақшы. Бұл туралы бүгін Семейдің әкімімен кездесу барасында Швейцария конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы бас елшісі Ульрих Шлэфли мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда бүгінгі күнде 30 жуық швейцариялық компания жұмыс істейді. Біз қазір олардың дәл Семейде жұмыс істей алуларының бағыттарын, ынтымақтастық үшін қандай мүмкіндіктер бар екендігін қарастырудамыз",- деп түсіндірді У. Шлэфли. "Мәселе швейцария индустриясының өте дербестігіде. Ынтымақтастық туралы бастаманы жеке фирмалардың өздері көтеріп отыр. Және де біз мемлекеттік құрылым ретінде, сұраныс болған жағдайда осында келгісі келген, мүдделік танытып отырған тұлғаларды хабардар ету үшін аймақтың мүмкіндіктері туралы білуге тиіспіз. Егер оларға қызығушылық білдіріліп жатса, онда міндетті түрде келіп, осында жұмыс істейтін болады",- деп қосты елші.

Семейдің әкімі Мейрамхат Айнабеков өз кезегінде, швейцариялық кәсіпкерлердің бастамасын қолдайтындығын атап өтті. "Семей өте пайдалы географиялық жағдайда орналасқан. Бұл жерде қажеттіліктің бәрі бар - табиғат, жер, адам ресурстары деген сияқты. Өз кәсіпорындарыңызды құруға да, немесе бірлескен кәсіпорындар құруға да болады. Бұл жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда немесе басқа да салалардағы бағыттар болуы мүмкін. Бізде мұндай тәжірибе баршылық: қалада біріккен қазақстан-корея автокөлік құрастыру зауыты, қазақстан мен түріктің тоқыма фабрикасы және басқалар жұмыс істеуде. Біз өзімізде швейцариялық бизнесмендірді қөргіміз келеді, және де олармен ынтымақтасып, барлық қолдаулар көрсетеміз",- деді М. Айнабеков.

Бас елші Семейге сапары барысында қаланың бірқатар әлеуметтік мекемелеріне, атап айтқанда, үш балабақшаға, онкологиялық диспансер, жедел жәрдем станциясына және балалар мен жастардың салтанат сарайына барып қайтты. Ол сондай-ақ, Швейцария елшілігінің осы әлеуметтік мекемелердің кейбіріне көмек көрсету туралы мәселенің қарастырып жатқандығын хабарлады. "Бұл жолы жаңа асхана жабдықтарымен көмектесеміз, себебі бізге осындай өтінішпен өте көп сұраныстар келіп түсті. Сонымен қатар, біз Салтанат сарайындағы компьютерлік классты жабдықтау туралы мәселені қарастырамыз, себебі өкінішке орай бұл мекеме мемлекеттік компьютеризация бағдарламасына кірмейді",- деп түсіндірді У. Шлэфли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны