19.03.2020, 19:42 12115

Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы пара алды деп айыпталды

Ол бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматша А-ны наркологиялық есепке тіркеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 40 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы пара алды деп айыпталды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.С. Нұсқабаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберумен аяқтады.

Ол бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматша А-ны наркологиялық есепке тіркеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 40 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

2020 жылдың 11 наурызында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының үкімімен Б. Нұсқабаев пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 1 200 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына сотталды.

Сотталушы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны