14.11.2016, 19:06 3760

"Shymkent city" жобасы халық қалаулылары мен БАҚ өкілдеріне таныстырылды

Жобаға бюджеттен 6,7 млрд теӊге бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2017 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, алғашқы тұрғын үйлердіӊ құрылысы аяқталуға жақын. 316 пәтерден тұратын 9, 12, 16 қабатты үйлер, 7 мектеп, 21 балабақша салу жоспарлануда.

Шымкент. 14 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері "Shymkent city" заманауи тұрғын және іскерлік орталығыныӊ алғашқы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қала әкімініӊ орынбасары Нұралхан Көшеровтыӊ айтуынша, жобаныӊ жалпы аумағы 427 гектарды құрайды. Бүгінгі таӊда инфрақұрылым тарту және жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, мұндағы жолдардыӊ орташа ені 40 метрден 50 метрге дейін жетеді. Аталған кешенде жасыл аймақ, тротуарлар мен веложолдар қарастырылған.

Жобаға бюджеттен 6,7 млрд теӊге бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2017 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, алғашқы тұрғын үйлердіӊ құрылысы аяқталуға жақын. 316 пәтерден тұратын 9, 12, 16 қабатты үйлер, 7 мектеп, 21 балабақша салу жоспарлануда. Қуантарлығы, тоғыз қабатты тұрғын үйлердіӊ алғашқылары келесі жылдыӊ наурыз айында пайдалануға беріледі.

Пәтерлер "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында ұсынылады. Бұған қоса Н. Көшеровтыӊ хабарлауынша, "Shymkent city" аумағында 70 мыӊ адам тұруға арналған 300-ден астам көпқабатты үйлер, спорт кешені және қаладағы еӊ үлкен жалпы аумағы 62 гектардан асатын саябақ болады.

Дәл қазіргі таӊда шетелдік инвесторлармен қызу келіссөздер жүргізіліп жатыр. "ҚИК" және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" компанияларымен құрылыс жөнінен арнайы келісімдерге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны