28.05.2010, 10:52 1631

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жайлы мәселені қарады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жайлы мәселені қарады

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн тәртібінің негізгі мәселелері мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша қабылдап жатқан шараларын талқылау болды.

Комиссия отырысын аша отырып, Қ. Саудабаев: "Тәуелсіздік алған күннен бастап көші-қон процестерін реттеу мәселелері Қазақстан Республикасы саясатының және Елбасының маңызды әрі жауапты бағыттары болып табылды. Республикамыздың тиімді геосаяси орналасуы, ТМД елдерімен шекараның ашықтығы, қолайлы экономикалық жағдай, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, либералды халықаралық көші-қон саясаты Қазақстандағы шетелдік азаматтардың еңбек қызметін, оның ішінде заңсыз көші-қон ауқымының өсуіне мүмкіндік туғызатын негізгі факторлар болып табылды.

Нәтижесінде, шетелдік жұмыс күшін пайдалануда тиісті тәртіптің жоқтығы, заңнамалық базаның жетілмеуі, негізгі көші-қон процедураларындағы бюрократтық сыбайлас жемқорлықтың халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік органдарды бақылайтын қызметкерлердің арасында өсуіне де мүмкіндік туғызады", - деп Қ.Саудабаев мәжілісті ашқанда атап өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіқалықова және Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов баяндамалар жасады.

Комиссия отырысында сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің және Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетовтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларды іске асыру және президенттің тиісті нұсқамаларын орындау жөніндегі шаралар туралы есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға көші-қон бақылауы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2006-2010 жылдарға арналаған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру жоспарларын және мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша толық шаралар қабылдауға ұсыным жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны