18.06.2009, 14:34 2878

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің анағұрлым күшейтіле түсуінің саяси астары жоқ - мәжіліс спикері

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің анағұрлым күшейтіле түсуінің саяси астары жоқ - мәжіліс спикері

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сыбайлас жемқорлықпен күрестің анағұрлым күшейтіле түсуінің саяси астары жоқ. Бұл туралы бүгін мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов мәжілістің жанындағы қоғамдық палатаның отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, министрлерге қатысты соңғы атышулы істерден әлдекімдер қандай да бір саяси астарды байқайды. Ал сіз бен біз бұдан сыбайлас жемқорлықпен күрестің күшейе түсуін көруге тиіспіз. Біздің қоғамда осындай қажеттілік туды, біз сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша анағұрлым күшейтуге тиіспіз", - деді спикер.

"Сыбайлас жемқорлықтың бар екенін ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Сонымен бірге кейінгі уақытта күрес қатая түсті. Мемлекет басшысыынң сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзіне сәйкес біз осы күресті табысты жүргізуге қажетті 15 заңды қабылдауға тиіспіз", - деді О. Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен осындай алты заң қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны