23.12.2009, 17:37 3289

Сырдарияның төменгі арнасындағы Ақлақ гидроторабын пайдалануға беру мерзімі тағы да кейінгі шегерілді

Сырдарияның төменгі арнасындағы Ақлақ гидроторабын пайдалануға беру мерзімі тағы да кейінгі шегерілді

Қызылорда. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сырдарияның төменгі арнасындағы Ақлақ гидроторабын пайдалануға беру мерзімі тағы да кейінгі шегерілді, ал бұл "Сырдарияның арнасын реттеу және Солтүстік Аралды құтқару" атты халықаралық экологиялық жобаның соңғы нысаны болып табылады. Сөйтіп бұл нысан биыл тағы да іске қосылмайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today жобаның ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінен бас кеңесші-үйлестірушісі Серікбай Смайыловқа сілтеме жасап.

Келісім-шартқа сәйкес Ақлақ гидроторабы сонау 2005 жылы салынып бітуге тиіс болған. Алайда аталған нысанның құрылысын жүргізіп жатқан Ресейдің "Зарубежводстрой" компаниясы Қазақстан үкіметінен шарттың мерзімін ұзартуды бірнеше мәрте сұрады.

"Жұмыстың бұлайша сөзбұйдаға салынуы жұмыстар құнының қымбаттай түсуіне алып келді. Егер бастапқыда жобаның құны 3,661 млрд теңге болса, құрылыс барысында оның құны 1 млрд теңгеге артып, 4,662 млрд теңге болды", - дейді үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәжіліс депутаты Мұрат Ибенов. Оның айтуынша, сонымен бірге жобаны қаржыландырып отырған Илемдік банк секілді донорлардың алдында Қазақстанның беделіне біршама нұқсан келуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны