27.01.2011, 17:41 3848

СҚО 41 млн теңгеден астам сомада салық төлемеген кәсіпорын директоры сотталды

СҚО "Ханно" ЖШС директоры Р. Холухоев 41 млн теңгеден астам сомада салық төлемегені үшін сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Петропавловск. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - СҚО "Ханно" ЖШС директоры Р. Холухоев 41 млн теңгеден астам сомада салық төлемегені үшін сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің бастығы Нұрлан Жахиннің хабарлауынша, қаржы полициясының қызметкерлері Р. Холухоевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтаған. Айыпталушы 2007 - 2008 жылдары аралығында бірнеше рет салық төлеуден жалтарған. Төленбеген салық сомасы 41,8 млн теңгенің құрайды.

"Аудандық соттың үкімімен Р. Холухоев ҚР ҚК 2-тарауының 222-бабы бойынша айыпты деп танылып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 423 мың теңге көлемінде айыппұл салынды",- деп түсіндіріп өтті Н. Жахин.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімімен 41,8 млн теңге көлемінде мемлекетке келген шығын ел қоржынына қайтарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны