25.09.2017, 15:04 4926

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов алғашқы облыстық IIО ардагерлер слетiне қатысты

Саналы ғұмырларын елiмiздiӊ тыныштығын қамтамасыз етуге арнаған құқық қорғау органдары ардагерлерiнiӊ слетiн өткiзу туралы облыстық iшкi iстер департаментiнiӊ бастамасын өте жақсы жоба деп бағалаймын", -дедi өӊiр басшысы.

Петропавловск. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Петропавлда 22 қыркүйекте халықаралық қарттар күнiне орай алғашқы облыстық iшкi iстер органдарыныӊ ардагерлер слетi өттi. Қатысушыларды Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақалов мерекемен құттықтады.

"Халқымыз "Қарттарым - асыл қазынам" деп аға ұрпаққа ерекше мән берген. Олардыӊ жүрiп өткен жолы, тәлiм-тәрбиесi, тәжiрибесi өсiп келе жатқан жастарға әрқашан үлгi болған. Саналы ғұмырларын елiмiздiӊ тыныштығын қамтамасыз етуге арнаған құқық қорғау органдары ардагерлерiнiӊ слетiн өткiзу туралы облыстық iшкi iстер департаментiнiӊ бастамасын өте жақсы жоба деп бағалаймын", -дедi өӊiр басшысы.

Ұзақ жылғы және адал еӊбегi, заӊдылық пен құқықтық тәртiптi нығайтуға қосқан зор үлесi үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiӊ Құрмет грамотасымен ҚР Iшкi iстер министрлiгi Iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерi кеӊесiнiӊ төрағасы Өмiрзақ Болсамбеков пен Қазақстанныӊ халық әртiсi Лаки Кесоглу, сондай-ақ, iшкi iстер органдарыныӊ ардагерi Марс Ғаббасов, Александр Саванков пен Бораш Тапин алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, 4 солтүстiкқазақстандық ҚР Iшкi iстер министрлiгi Iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерi кеӊесiнiӊ құрмет грамоталарымен марапатталды.

Iс-шараға ҚР IIМ ардагерлерi, СҚО-ныӊ IIО аумақтық бөлiмшелерiнiӊ, облыстық және қалалық кеӊестiӊ ардагерлерi, облыстыӊ құрметтi азаматтары қатысты. Салтанатты жиын мерекелiк концертпен жалғасты. Концертке СҚО IIД шығармашылық ұжымдары мен ҚР халық әртiсi Лаки Кесоглу қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны