23.08.2017, 19:30 3452

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов бiлiм саласыныӊ бiрнеше бағыты бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi

Петропавлда "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы - бiлiмге салым" тақырыбында облыстық педагогтардыӊ тамыз кеӊесi өттi.

Петропавловск. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Петропавлда "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы - бiлiмге салым" тақырыбында облыстық педагогтардыӊ тамыз кеӊесi өттi.

Бiлiм жүйесiн дамыту саласындағы өзектi мәселелердi талқылауға Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Бiлiм басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Кәрiмова, Ғ. Мүсiрепов атындағы бiлiм бөлiмiнiӊ басшысы Серiк Алтаев, "Солтүстiк Қазақстан" газетiнiӊ бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, сол сияқты ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi директорыныӊ орынбасары Бақтияр Мәлiков атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мiндеттердi баяндады.

Кеӊес барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бiлiм саласыныӊ бiрнеше бағыты бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi.

Мысалы, өӊiр басшысы колледждер мен ЖОО-лардыӊ әрбiр түлегiнiӊ әрi қарай жұмысқа орналасуын қадағалау және жастарды мемлекеттiк жұмыспен қамту бағдарламасына тарту қажеттiгiн атап айтты.

"Түлектердi жұмысқа орналастыру мәселесi өзектi болып табылады. Бiлiм басқармасы мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға ерекше назар аударуы керек. Ол бiрiншi кезекте қажет етiлетiн мамандық болуға тиiс. Дуалды оқыту бойынша мамандықтар тiзiмiн кеӊейту қажет және жастарға қажет етiлетiн мамандықтарды ұсыну керек. Облыста бiрде-бiр жұмыссыз жас адам болмауға тиiс", - дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн облыстыӊ бiлiм жүйесiнде атқарылып жатқан жұмыстар туралы СҚО бiлiм басқармасыныӊ басшысы Гүлмира Кәрiмова айтып өттi.

"Конференция аясында 15 тамызда Бiлiм және ғылым министрлiгiнiӊ бастамасы бойынша Назарбаев Зияткерлiк мектебi базасында 29 пәндiк лекция өтiп, оған қатысқан 1500-ден астам педагог диалог алаӊында тұғырлы ұсыныстарды жинақтау және аталмыш тақырыпты жүзеге асыру үшiн өзектi мәселелер мен инновацияларды талқылады. Барлық бiлiм беру жүйесiнiӊ негiзiне мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу алынады. Бүгiнгi күнi облыста мектепке дейiнгi ұйымдар желiсi сандық жағынан да және сапалық тұрғыдан да дамуда", - дедi Г. Кәрiмова.

Бұдан басқа, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Стратегиялық жоспарлау және үйлестiру департаментi директорыныӊ орынбасары Бақтияр Мәлiков, "Солтүстiк Қазақстан" газетiнiӊ бас редакторы Жарасбай Сүлейменов, "Жолдасбай-Агро"ЖШС фермерлiк шаруашылығыныӊ директоры Серiк Жолдасбаев сөз сөйледi.

Өз сөзiнде Бахтияр Мәлiков облыстағы мектепке дейiнгi тәрбиенi дамыту мен оқытуға назар аударды.

"Бiлiмнiӊ барлық жүйесiнiӊ iргетасы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту екенiн жақсы бiлесiздер. 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстағы 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалар мектепке дейiнгi бiлiммен толық қамтылған. Осы жағдайда облыста балаларды ерекше бiлiм беру қажеттiлiгiне оқыту үшiн кедергiсiз орта қалыптастыру қажет. Ол арнайы педагогтар, оқу-әдiстемелiк әдебиет, материалдық-техникалық база", - дедi Бақтияр Мәлiков.

Тамыз кеӊесiнiӊ соӊында 6 адам облыс әкiмiнiӊ Құрмет грамотасымен марапатталды, 3 адамға облыс әкiмiнiӊ алғыс хаты берiлдi.

С. Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясы "Орта бiлiмнiӊ үздiк ұйымы" атағына ие болды. Одан басқа 40 мұғалiм облыс әкiмiнiӊ сыйлығын алды, сол сияқты 16 жас маманға облыс әкiмiнiӊ тiлегi берiлдi.

Тамыз конференциясы аясында өӊiр басшысы "Start-ap" жобасыныӊ, "СҚО бiлiмiнiӊ 100 жаӊа есiмi", "STEM-бiлiм - бiлiм берудегi негiзгi трендтердiӊ бiрi" көрмелерiн тамашалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны