05.04.2017, 19:10 5266

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов үздiк ардагерлер ұйымы бойынша байқау жариялады

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов ардагерлер ұйымыныӊ құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Петропавловск. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов ардагерлер ұйымыныӊ құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Мерейтой иелерiн құттықтаған өӊiр басшысы аға буынныӊ ауызбiрлiгi мен жанқиярлығы жоғарғы патриотизм мен өз Отанына шын берiлушiлiгi әрқашан да лайықты үлгi болатынын атап өттi.

"Ардагерлер - бiздiӊ алтын дiӊгегiмiз. Қарты бар ел - қазыналы ел" деген халық даналығы тегiн айтылмаған. Тарихтыӊ көзi, өткеннiӊ дәлелi, кешегiнiӊ жалғасы - осы отырған ақ сақалды ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз. Ардагерлердiӊ Елбасы ұсынған тапсырмаларды жүзеге асыруға, елiмiздегi тұрақтылық пен татулықтыӊ, этносаралық келiсiмнiӊ нығаюына қосып жатқан үлесi зор. Халқымыз әуелден аталы сөздi өнеге қылған. Ауылдыӊ үлкенiнiӊ ақылына тоқтап, ақ сақалды қариядан бата алған. Сондай аға-апаларымыз бүгiн де елiмiздiӊ қоғамдық өмiрiне белсендi араласып, ақылдарын айтып, бiлгендерiн үйретiп келедi",- дедi Құмар Iргебайұлы.

Сондай-ақ, облыс әкiмi ардагерлердiӊ қоғамдық-саяси өмiрге араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге белсендi қатысатынын атап өттi.

"Халқымызда "Ауылыӊдағы қария - жазып қойған хатпен теӊ" деген сөз бар. Сiздердiӊ өмiрлерiӊiз- бiз үшiн сабақ. Өткен кездесулерде де Елбасы қойған тапсырмаларды орындауда, облыстыӊ әлеуметтiк-экономикалық өсiмiн қамтамасыз етуде Сiздердiӊ ақыл-кеӊестерiӊiздiӊ қажеттiгiн айтқан едiм. Осынау атаулы күнi Сiздерге, сiздердiӊ отбасыларыӊызға және туған-туысқандарыӊызға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, баянды бақыт пен бейбiт өмiр тiлеймiн!", - деп атап өттi өӊiр басшысы.

Солтүстiк Қазақстан облысында ардагерлер қозғалысы жүз мыӊнан астам адамды бiрiктiредi.

Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов ардагерлер ұйымыныӊ құрылғанына 30 жыл толуына байланысты үздiк ардагерлер ұйымы бойынша байқау жариялады. Бас жүлде - облыс әкiмiнiӊ гранты. Байқау қорытындылары түрлi санаттар бойынша қарастырылып, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш президентi күнi - 1 желтоқсанда жарияланатын болады.

Ұзақ жылғы, адал еӊбегi, облыстыӊ жас ұрпағын патриоттық, рухани-адамгершiлiк тәрбиелеуге қосқан зор үлесi үшiн және ардагерлер ұйымыныӊ құрылғанына 30 жыл толуына байланысты облыс әкiмiнiӊ Құрмет грамоталарымен "Бос уақыт" ардагерлер клубыныӊ төрағасы Серiк Ыбыраев, Петропавл қаласы әкiмi аппаратыныӊ бастауыш ардагерлер ұйымыныӊ төрайымы Екатерина Ильина, Аққайыӊ ауданыныӊ ардагерлер кеӊесiнiӊ төрағасы Борис Баяшев марапатталды. Сондай-ақ, Алғыс хатпен облыстық ардагерлер кеӊесi ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi тұрақты комиссиясыныӊ төрағасы Аманжол Нұртаев пен Жамбыл ауданыныӊ Благовещенка ауылдық округiнiӊ бастауыш ардагерлер ұйымыныӊ төрағасы Александр Мордась марапатталды.

Ардагерлердi Орталық ардагерлер кеӊесi төрағасыныӊ орынбасары Бекболат Мұқышев құттықтады.

"Үш онжылдық өттi, алайда ұйымы қызметiнiӊ мақсаттары бұрынғыдай - зейнеткерлердiӊ құқығын, абыройы мен мүддесiн қорғау, материалдық жағдайларын жақсарту, патриоттық жұмыс, еӊ алдымен жастармен жұмыс жасау", - дедi Бекболат Мұқышев.

Бекболат Бапанұлы Орталық ардагерлер кеӊесiнiӊ Құрмет белгiлерiн Мамлют ауданыныӊ ардагерлер кеӊесiнiӊ төрағасы Төлеген Омаровқа және "Одақ" қоғамдық ұйымыныӊ трағасы мен облыстық ардагерлер ұйымыныӊ бақылау комиссиясыынӊ мүшесi Валерий Масловқа табыстады.

Құрмет грамотасымен журналистика ардагерi, "северный Казахстан" баспасыныӊ директоры, аға редакторы Иван Моор, Аққайыӊ ауданыныӊ Астрахан ауылдық округiнiӊ бастауыш ұйымыныӊ төрайымы Светлана Қасымова, Мағжан Жұмабаев ауданыныӊ Возвышенка ауылдық округiнiӊ бастауыш ұйымыныӊ төрағасы Вячеслав Ярмольчук, сонымен қатар үш ардагер дипломдармен марапатталды.

Орталық кеӊестiӊ Құрмет кiтабына Мағжан Жұмабаев ауданыныӊ ардагерлер ұйымыныӊ төрағасы Оралбай Сағындықов енгiзiлдi.

Ұйымныӊ мейтойымен ардагерлер кеӊесiнiӊ төрағасы Ескендiр Елеусiзов құттықтады.

Өӊiрдiӊ жетi ардагерi "Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Құрметтi ардагерi" төсбелгiсiне, тағы екi адам Құрмет грамотасына ие болды.

Мерекелiк бағдарлама Петропавл қаласыныӊ шығармашылық ұжымдарыныӊ концертiмен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны