17.02.2015, 18:36 3730

СҚО-да 3 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады - А.Дүйсенова

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 3 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ алқа отырысы барысында өӊір әкімініӊ орынбасары Анар Дүйсенова

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 3 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ алқа отырысы барысында өӊір әкімініӊ орынбасары Анар Дүйсенова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және қайта өӊдеуші кәсіпорындарды жүктеу есебінен ағымдағы жылы 3 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады", - деді А.Дүйсенова, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған халық саны немесе 34,3% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

"Еӊбек нарығында экономикалық белсенді халықтыӊ жалпы азаюы кезінде негізгі индикаторлар бойынша оӊ динамикаға қол жеткізілді, өткен жылдыӊ сәйкес мерзімімен салыстырғанда жалданбалы жұмысшылар саны 840 адамға артты, жұмыссыздар саны 565 адамға азайды", - деп түсіндірді ол.

Икім орынбасары атап өткендей, 330 мыӊнан астам адам облыс экономикасы салаларында жұмыспен қамтылған, олардыӊ ішінде негізгі үлес немесе 41,4% ауыл шаруашылығына тиесілі.

Оныӊ мәліметінше, ағымдағы жылы кешенді жоспарға сәйкес өӊірде жұмыспен қамтуға 361 млн теӊге қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны