11.05.2014, 19:41 3804

СҚО-да ат спорты сайысының маусымы ашылды

Қызылжар ауданынының ипподромында ат спорты сайысының маусымы ашылды, шараға аймақ басшысы Самат Ескендіров қатысты.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Қызылжар ауданынының ипподромында ат спорты сайысының маусымы ашылды, шараға аймақ басшысы Самат Ескендіров қатысты, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Шараның ашылу салтанатында аймақ басшысы Самат Ескендіров " соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне көптеп көңіл бөлінуде. Олардың ішінде ат спорты бойынша жарыстарға ерекше орын берілген", деп атап өтті.

Аламан бәйге, көкпар, жорға жарыс біздің елде ғана емес басқа да мемлекеттерде танымал. Олар жастардың физикалық және рухани қабілетінің дамуына септігін тигізеді және оларды тарих пен дәстүрді құрметтеуге, жеңіске ұмтылуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, патриоттық сезімді қалыптастырады.

"Мен, үздік спортшылардың қатысуымен өтіп жатқан бүгінгі жарыс ат спортының өңірімізде жаңа леппен дамытатын болады деген сенімдемін. Бүгінгі шараға қатысып отырғандарға денсаулық, жоғары спроттық жетістік және жақсы қарсылас тілеймін", - деді облыс әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны