13.02.2015, 09:52 3787

СҚО-да жыл басынан бері Ресейден 2000-нан астам машина әкелінді

Полицей ведомствосыныӊ басшысы Берік Біләлов жол-торуыл полицейлерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі

Петропавл. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Жыл басынан бері Ресейден Солтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағыцна 2 мыӊнан астам автокөлік әкелінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицей ведомствосыныӊ басшысы Берік Біләлов жол-торуыл полицейлерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Кеӊесте атап өтілгендей, биылғы жылы автокөлік ағыны елеулі ұлғайды. Жыл басынан бері көршілес Ресейден ғана 2 мыӊнан астам бірлік автомашина әкелінді. Осыған байланысты республикалық және облыстық маӊыздағы жолдардағы жұмыс күшейтілді", - делінген хабарламада.

Жолдардағы жағдайға талдау жасай келіп, генерал-майор Берік Біләлов жол-торуыл полициясыныӊ жеке құрамы алдына бірқатар міндеттер қойды. Автокөлік ағыныныӊ ұлғаюына байланысты әсіресе алдағы жазғы маусымда облыс орталығыныӊ көшелеріндегі жүктемені азайту үшін шаралар қолдану және ұсыныстар енгізу қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны