15.09.2008, 19:09 2792

Солтүстік Қазақстан облысында барлық білім беру және денсаулық сақтау мекемелері қысқы жұмысқа дайын

Солтүстік Қазақстан облысында барлық білім беру және денсаулық сақтау мекемелері қысқы жұмысқа дайын

Петропавловск. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында барлық 753 білім беру және 719 денсаулық сақтау мекемелері қысқы жұмысқа дайын, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бюджеттік ұйымдарға 172 мың тонна көмір жеткізіліп бітті. Көмір темір жол бекетінен толық тасымалданды. 26 мың текше метр ағаш дайындалды.

Оқу орындарындағы барлық 593, денсаулық сақтау мекемелеріндегі 58 қазандық жылыту маусымының басталуына дайын болды.

"Білім беру мекемелерінде 1 қыркүйекке дейін 28 қазандық, 53 ғимарат, 46 шатырға күрделі жөндеу жүргізілді. Жалпы алғанда жөндеу жұмыстарына 780 млн теңге жұмсалды, бұл 2007 жылғыдан 2 есе артық.

43 медициналық мекемені күрделі жөндеуге 428 млн теңге жұмсалды, 5 нысанның жөндеу жұмыстарын аяқтау қалды. 25 қыркүйекке дейін барлық жұмыстар аяқталады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны