14.01.2010, 15:57 2806

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр кәмелеттік жасқа жетпеген 26 адам нақты бас бостандығынан айыруға кесілді

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр кәмелеттік жасқа жетпеген 26 адам нақты бас бостандығынан айыруға кесілді

Петропавловск. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында былтыр кәмелеттік жасқа жетпеген 26 адам нақты бас бостандығынан айыруға кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық соттары кәмелетке жетпеген 162 балаға қатысты 133 қылмыстық істі қарады. "Қарау нәтижесінде кәмелетке жетпеген 84 бала түрлі жаза жүктеді. Олардың 26-сы нақты бас бостандығынан айыруға жазаланды. Бұл ретте бас бостандығынан айыру жазасы кәмелетке жетпегендерге жасөспірімнің қылмыстық әрекетке қатысу дәрежесіне қарай ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін тағайындалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны