31.03.2008, 09:47 3201

Солтүстік Қазақстан облысында суды тазарту сапасын арттыру үшін 4 деңгейлік жүйеге көшу жоспарланып отыр - телерадиоарна

Солтүстік Қазақстан облысында суды тазарту сапасын арттыру үшін 4 деңгейлік жүйеге көшу жоспарланып отыр - телерадиоарна

Петропавл. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында суды тазарту сапасын арттыру үшін 4 деңгейлік жүйеге көшу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Петропавл Қазақстан" муниципалдық телерадиоарнасына сілтеме жасай отырып.

"Суды тазарту сапасын арттыру үшін 4 деңгейлік жүйеге көшу жоспарланып отыр. Осы жұмыстарға бөлінген 51 млн теңге игерілді. Енді 2-3 деңгейлердің жұмысына 623 млн және 4 деңгей үшін тағы 50 млн теңге қажет", - деп хабарлады "Петропавл Су" АҚ вице-президенті Рүстем Рамазанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа тазарту қондырғыларымен таныстыру кезінде, деген ақпарат берді "Петропавл Қазақстан".

Телерадиоарнаның хабарлауынша, министр бұл мәселені шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жобалық-сметалық құжатын тапсыруды тездету керектігін ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны