14.09.2017, 17:14 3912

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен қала құрылысы кеӊесi өттi

Өӊiр басшысы облыс орталығын абаттандыруға биыл үш есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.

Петропавловск. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен қала құрылысы кеӊесi өттi. Онда қаланыӊ сәулеткерлiк бейнесi және көркейту жөнiндегi мәселелер қаралды. Өӊiр басшысы облыс орталығын абаттандыруға биыл үш есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.

Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов атқарылыған жұмыстар жайлы баяндады. Ол сәулеткерлiк бейнесiн жақсарту облыс орталығын дамытудыӊ басым бағыттарыныӊ бiрi екендiәгiн тiлге тиек еттi.

"Бас жоспар негiзiнде "Жас өркен", "Орталық", "Береке", "Кирпичный", "Солнечный" шағынаудандарын, "Абай-Пушкин-Мүсiрепов-Жамбыл көшелерi шекарасында нақты жоспарлау үшiн 7 жоба және "Жас өркен", "Куйбышев орман шаруашылығы", "Набережный" шағынаудандарын құрылыс салу бойынша 3 жоба әзiрлендi. Қазiргi уақытта "Жас өркен", "Береке", "Кирпичный", "Солнечный" және "Орман" жаппай құрылыс салу және дамыту аумағы болып табылады. Соӊғы жылдары барлық шағынауданда 58 тұрғын үй салынды. Биыл жалпы аумағы 83,2 мыӊ шаршы метрдi құрайтын 11 тұрғын үй пайдалануға берiледi. "Жас өркен" шағынауданында Теннис орталығы, Оқушылар сарайы сияқты iрi әлеуметтiк-тұрмыстық және спорт нысандарыныӊ құрылысы басталды. "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Солнечный" шағынауданында құрылыс жүрiп жатыр. Шағын ауданныӊ ерекшелiгi -10 сотық аумақты алатын жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады. 2094 жер тiлiмiнде бiрыӊғай сәулеткерлiк үлгiде үйлер салынады", -дедi Марат Иманғалиұлы.

Құрылыс мәселесi бойынша жұмыс iстей отырып, бiз заманауи стильдi шеберлiкпен бiрiктiру арқылы қаланыӊ өткенi мен қазiргi бейнесiн сақтауға тырысамыз. Қаланыӊ тұрғын үй қоры 1061 көпқабатты тұрғын үйдi құрайды. Мемлекеттiк ТКШ-ны жаӊғырту бағдарламасы аясында 161 тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. 2018 жылы 20 көпқабатты үйдi жөндеу жоспарлануда. Қаланыӊ эстетикалық бейнесiн жақсарту үшiн Жамбыл, Мир және Интернационал көшелерiнде қасбеттердi әрлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Iрi қалалардыӊ тәжiрибесiне сәйкес заманауи сәулеткерлiк бейне беру үшiн, қыркүйекте Мир және Жамбыл көшелерiндегi 2 үйдiӊ қасбетiн графиттеу жоспарлануда.

Үстiмiздегi жылы Уәлиханов, Караван, Мұқанов, Зауыт, Радищев, Медведев, Егемен Қазақстан, Горький көшелерiне орташа жөндеу жүргiзiлдi. Бүгiнгi күнi 18 көшеге жөндеу жүргiзiлуде: Қизатов, 1-шi кiрпiш, Набережный, Ульянов, Кеншiнбаев, Универсаль, Украин, Калинин, Ухабов, Пржевальский, Тоқсан би, Чайковский, Болатбаев, Я. Гашек, Рахимов, Сәтбаев, 314-шi атқыштар дивизиясы және Жуков. Жөндеу бойынша жүргiншi жолдарын асфальттау, оӊ жақ бұрылысты, жүргiншi жолын жайластыру, жиектас, заманауи аялдама павильондарын, жаӊа бағдаршам нысандарын орнату, гүлзар жасау. Қалаға заманауи бейне беру үшiн көркейту жұмыстары жүргiзiлдi. Қалада балалардыӊ 70 ойын алаӊын қайта жабдықтау жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 53 аула жабдықталды, бұл жұмыс жалғасуда. 17 аулаға барлық жастағы қалалықтар үшiн көше тренажерлары орнатылды, 6 футбол алаӊы жабдықталды. К. Сүтiшев, М. Жұмабаев, Жамбыл көшелерiнiӊ жарықтандыру жүйелерi жаӊғыртылды. Қазақстан Конституциясы көшесiне жиектастарды, дүӊгiршектердi, қоқыс салғыштарды ауыстыру, шағын сәулет үлгiлерiн орнату жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл көше -бiрегей. Тарихи және мәдени мұралардан тұратын көше -адамдардыӊ еӊ көп болатын жерi. Мәдениет және демалыс саябағына жүрзiлiп жатқан қайта жаӊарту ұстынтiзбек орнатуды және субұрқақты жаӊартуды да қарастырады. Соныӊ арқасында әлеуметтiк-мәдени және мерекелiк шараларды өткiзу үшiн жаӊа алаӊ жасалады. Бүгiнгi күнге дейiн өрнектастар ауыстырылып, шағын сәулеткерлiк үлгiлер орнатылды. К. Сүтiшев-М. Жұмабаев, Хименко-Мир, Жамбыл көшелерiндегi скверлердi жөндеу және қайта жаӊарту бойынша 3 жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзiрлендi. ЖСҚ бойынша Пестрое көлiнiӊ аумағын көркейту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Өӊiр басшысыныӊ тапсырмасына орай облыстық Сәулеткерлер мен суретшiлер одағыныӊ базасында жас сәулеткерлерден жұмысшы тобы құрылатын болады.

"Алтын арман", "Северный", "Олжа", "Дария" базарларын заманауи кейiпке келтiру үшiн жаӊғырту жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта базарлардыӊ саны белгiленген нормадан 9 есе асып түседi.

Қалада қызмет көрсету салаларын дамытуға арналған жұмыстар атқарылуда. "Скиф" қонақүй кешенi нысанды жаӊғырту жұмысын жүргiздi : кiреберiстi қайта жабдықтап, қосымша құрылыс салды аяқтап, фитнес-клубты кеӊейттi. "Green Which" қонақүйi салынып, жұмыс iстей бастады. "Hampton by Hilton" сауда-қонақүй кешенiнiӊ және "Алтын орда" қонақүйiнiӊ құрылысы жалғасуда. Қызмет көрсетудiӊ заманауи талаптарына жауап беретiн қоғамдық тамақтандыру нысандары салынды.

Қазiргi уақытта билборд үлгiсiндегi 100-ден астам ескiрген статистикалық жарнамалық құрылғылар ауыстыруды қажет етедi, сондықтан заманауи сәулеткерлiк бейненi сақтау үшiн әкiмдiк тұрақты түрде мониторинг жүргiзiп отырады. Меншiк иелерi көп жағдайда сыртқы жарнаманыӊ бiрыӊғай сәулеткерлiк бейнесiн бұзады

"Бiз бизнесмендердi, сауда орталықтарыныӊ, мейрамханалардыӊ, iрi қоғамдық тамақтандыру орындарыныӊ, бiлiм, денсаулық сақтау мекемелерiнiӊ басшыларын шақырдық, өйткенi барлық нысандар облыс орталығында орналасқан. Ондаған жылдар бойы ауыспаған нысандар да бар. Олар күнге күйiп, сарғайып кеткен, материалдары ескiрген, күнi бүгiнге дейiн үйлердiӊ қабырғаларында және сауда орындарында тапжылмай тұр. Бұл тұрғыда дау-дамай көп, нәтиже жоқ. Сәулеткерлiк жұмыс iстемейдi және бақылау да жоқ", -дедi өӊiр басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аумақтарды көгалдандыру және көркейту жөнiнде Бiлiм және денсаулық сақтау басқармаларыныӊ басшыларына тапсырма бердi.

"Қала өзгеруге тиiс. Қызмет көрсету сапасы артуға тиiс", -деген мәселеге баса назар аударды облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны