19.04.2016, 17:20 3816

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ басшылығы мен жұртшылығы апатпен күресуде көрсеткен көмектері үшін еліміздіӊ басқа аймақтарынан келген құтқарушыларға алғыс білдірді

Қауіпті су тасқыны кезеӊінде халық, жергілікті атқарушы органдары, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ құтқарушылары апатпен күресуде жалғыз қалған жоқ

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қауіпті су тасқыны кезеӊінде халық, жергілікті атқарушы органдары, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ құтқарушылары апатпен күресуде жалғыз қалған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрініӊ шешімімен СҚО алдын ала мемлекеттіӊ басқа аймақтарынан: Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан күштер мен құралдар жолданылған болатын. Барлығы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерініӊ жеке құрамдарынан 137 адам, 35 бірлік техника, 10 мотопомпа, 12 жүзу құралы, 2 жылжымалы су сору станциялары болды.

Жергілікті атқарушы органдардыӊ, СҚО ТЖД бөлімшелерініӊ және келген құтқарушылардыӊ бірлескен күш-жігерлерімен және құралдарымен су басқан аймақтардан 17 адам құтқарылды, 780 эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге 1884 мал басы айдалған еді.

Құтқарушылар облыстық ТЖ қызметтерімен бірлесіп күні-түні су тасқын кезеӊініӊ зардаптарын жою мен алдын алуда жан-жақты көмек көрсетіп, тек құтқару істерін ғана емес, сонымен қатар халыққа түсіндіру жұмыстарын да атқарған болатын. Біріккен жалпы күшпен апаттыӊ қысымына тойтарыс берді, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.

Өткен сенбі күні Комитеттіӊ үш бөлімшелерін салтанатты шығарып салу ұйымдастырылған болатын. Облыс басшысы әр құтқарушыныӊ еӊбегін лайықты атап белгіледі. СҚО ТЖ департаменттіӊ бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдарымен және халықпен иін тіресе табиғи апатқа тойтарыс берген, Солтүстік Есіл өӊіріӊ қуанышты көӊілдерімен кетті.

Осы жарқын да, көктемніӊ шуақты күніӊде Есіл ауданыныӊ Петровка ауылында, Қызылорда қ. келген "Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" ММ бөлімшесін шығарып салды. Олардыӊ жаугерлік тізімдерінде - Ғ.Мүсірепов атындағы ауданыӊда ТЖ жою бойынша жұмыстар, Есіл ауданыныӊ Алқа ауылыныӊ үйлерін су басқан адамдарды эвакуациялау, су басқан, облыстық маӊызы бар Покровка-Корнеевка трассасыныӊ километрлік дерлік кесінді бойынша қайықпен адамдар мен жүк тасымалдау, Есіл өзеніӊдегі су тасқын жағдайыныӊ мониторингін жүргізу, үгіт-насихаттық жұмыстар және зардап шеккен халық үшін жасау қажет болған т.б. маӊызды істер тұр.

Құтқарушыларды шығарып салып, жергілікті атқарушы органдарыныӊ, СҚО ТЖ департаментініӊ өкілдері қазақстандықтардыӊ үздік қасиеттері - отаншылдық, кез келген қиыншылықта көмек көрсетуге даярлылық, батылдық пен борышына адалдылықтары үшін алғыс білдіріп, солтүстік қазақстандықтарды табиғи апаттан қорғау бойынша жұмыстары үшін шын жүректен рахметтерін айтып, сәт сапар тіледі. "Сіздер өз борыштарыӊызды соӊына дейін орындадындар, тек бір ұрпақтыӊ адамдары ғана емес, келешек ұрпақ та сіздерді жақсы сөзбен еске түсіреді. Барлықтарымыздыӊ атынан сіздерге үлкен рахмет!", - деді Петров ауылдық округтыӊ әкімі Өтеген Юсупов тілек сөзінде. Аталмыш іс-шараныӊ шарықтау шегі облыс әкімініӊ алғыс хаттарымен бөлімшеніӊ жеке құрамын марапаттау болды. 20 құтқарушы Қызылордаға аймақ басшысы Ерік Хамзаұлы Сұлтановтыӊ алғысыныӊ айғағын апарды.

Сол күні, апатпен күресуде "ыстық нүкте" ретінде ҚР ІІМ ТЖ комитеттіӊ жедел мәліметтерінде өткен, Рублевка ауылында тұрақты орындарына қайтып бара жатқан Астана қ. "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ құтқурашылар-өрт сөндірушілер мен Алматы қ. келген олардыӊ әріптестерін құрметтеді. Тайынша, Шал ақын және Аққайын аудандарыныӊ елді мекендерін қорғау бойынша өз міндеттерін батырлықпен атқарған жігіттер жүрекпен айтылған алғыстар мен тілектерсіз кеткен жоқ. Себебі олар Донецкое ауылына түскен сұрапылдыӊ соққысын қабылдап, Тимирязев ауданыныӊ Степное және Гордецкое және Жанажол ауылдарындағы, су сорғыш каналдарды тазартып, Аққайын ауданыныӊ ауылдарында су сорған еді.

53 құтқарушыға Солтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ алғыс хаттары табысталды.

СҚО ТЖД өкілдері облыстыӊ аумағындағы төтенше жағдайдыӊ алдын алу және жою ісінде, халықтыӊ сенімді қорғанысын қамдамасыз етудегі сіздердіӊ алмақты үлестері, сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыстарын білдірді.

Ал өткен дүйсенбі күні Оӊтүстік Қазақстан құтқарушыларыныӊ кезегі келді. 2016 ж. 18.04. СҚО Қызылжар ауданы Бескөл аудан орталығына жақын жерде, елді мекендерді жайылма су басқан кезеӊінде СҚО аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан, ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелері - Жамбыл облысыныӊ ТЖД "Жедел құтқару жасағы" ММ мен Қызылорда облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ тұрақты орналасу орнына қайтуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға СҚО әкімініӊ орынбасары Антон Федяев, СҚО ТЖД басшылық құрамыныӊ өкілдері қатысқан болатын. Салтанатты іс-шараны аша отырып Антон Александрович көктемгі су тасқын зардаптарынан облыс халқын қорғау бойынша жұмыстары үшін құтқарушыларға алғыс білдіріп, олардыӊ көрсеткен көмектері жедел, қысқа мерзім ішінде және кәсіби деӊгейде орындалғаныӊ белгіледі. "Біз Сіздерге үйлеріӊізге, отбасыларыӊызға, аман-есен жетуіӊізге тілектеспіз",- деді ол өз сөзінде. Кейін әкімніӊ орынбасары 50 құтқарушыға Солтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ алғыс хаттарын табыстады.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны