13.06.2006, 14:23 2771

Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуратурасының қызметкерлері мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз көму оқиғасын әшкереледі

АСТАНА. 13-маусым. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуратурасының қызметкерлері мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз көму оқиғасын әшкереледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мұнай өнімдерінің қалдықтары көмілген жер Солтүстік Қазақстан облысындағы мұнай құбыры басқармасының аумағына таяу жерден, 3-3,5 метр тереңдіктен табылған.
Мазутпен ластанған жердің жалпы аумағы 208 шаршы метрді құрайды. Солтүстік Қазақстан облыстық экология басқармасының тексеруге қатысқан қызметкерлері экономикалық шығын көлемін 25,2 млн. теңгеге бағалады.

Қазір қалдықтардың кімге тиесілі екені анықталуда. Мұнай өнімдерін заңсыз көму дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны