28.02.2013, 11:53 6124

Солтүстік Қазақстанда қатты боран соғуда

Тұрақты болып тұрған ауа райы, қыстың соңғы күндері кенеттен бұзылды. Қазір аймақта жергілікті және республикалық маңызы бар жолдар жабылып, құтқару шаралары жалғасуда.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері қатты боран соғуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тұрақты болып тұрған ауа райы, қыстың соңғы күндері кенеттен бұзылды. Қазір аймақта жергілікті және республикалық маңызы бар жолдар жабылып, құтқару шаралары жалғасуда.

Аймақтағы 13 ауданның жетеуінде 139 көлікке мінген 400-ге жуық адам қар құрсауында қалған. Облыстық құтқару қызметкерлері жолаушыларды және техниканы қардан алып шығуда. Абырой болғанда үсік шалып, жапа шеккен адамдар жоқ, - дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары. Қатты дауыл, сондай-ақ, Петропавл қаласындағы тропикалық өсімдіктер өсетін ботаникалық бақтың, шатырының бір бөлігін жұлып әкеткен. Қолдан келгенінше өсімдіктерді қорғап, қатты желмен арпалысып, шатырды әрең дегенде 8 сағаттан кейін жөндеп жапты. Бірақ, сирек өсімдіктердің біразын үсік шалды деп отыр бағбандар.

"Челябі қаласынан жол жүріп келемін. Қарлы боран соғып, ескерту жасалды. Түнгі екіден тоқтап тұрмыз. Жолға қашан шығатынымыз белгісіз", дейді жүргізуші Алексей Малышев.

"Төтенше жағдайға байланысты бірден құтқару шараларына кірістік. Қар басып қалған жолдар тазартылып жатыр. Қазіргі уақытта, зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ", деп мәлім етті СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны