03.06.2008, 16:16 4946

Солтүстік Қазақстанның қазақ музыкалық драма театрында камералық оркестр пайда болды

Солтүстік Қазақстанның қазақ музыкалық драма театрында камералық оркестр пайда болды

Петропавл. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстанның қазақ музыкалық драма театрында өзінің жеке камералық оркестрі пайда болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі театрдың әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

Жаңадан 25 адамнан құрылған шығармашылық ұжымда Солтүстік Қазақстан филармониясының әртістері, Петропавлдің музыкалық колледжінің түлектері, белгілі музыканттар бар. Оркестрге облыстың белгілі дирижері Сергей Имашбаев жетекшілік жасайды.

Театр директоры Қуандық Қасымовтың айтуынша, жеке камералық оркестрдің ашылуы шығармашылық ұжымның арманы болатын. Оркестр жыл басынан бері репетицияларын өткізіп, шетелдік және қазақ классиктерінің 40 аса шығармаларын орындауда.

Оркестрдің бірінші концерті өткен аптада өтті. Енді көрермендер театр әртістері мен камералық оркестрдің бірлескен жұмысын тамашалағысы келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны