16.01.2015, 20:04 4233

Сот әкімдік ғимаратын "басып алған" ер адамды қамауға алуға санкция берді

Алматы Бостандық ауданыныӊ №2 соты қалалық әкімшілік ғимаратына кіріп, кабинеттердіӊ бірінде қамалып алған ер адамды қамауға алуға санкция берді. Салдарынан әкімдік пен бірқатар республикалық БАҚ-тыӊ қызметі екі сағаттай тоқтап тұрған еді.

Алматы. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы Бостандық ауданыныӊ №2 соты қалалық әкімшілік ғимаратына кіріп, кабинеттердіӊ бірінде қамалып алған ер адамды қамауға алуға санкция берді. Салдарынан әкімдік пен бірқатар республикалық БАҚ-тыӊ қызметі екі сағаттай тоқтап тұрған еді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

15 қаӊтарда ҚР ҚК 233 бабы негізінде сот Рычков Евгений Вадимовичті екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Естеріӊізге салып өтсек, Евгений Рычков осы жылдыӊ 13 қаӊтарында сағат 11:25-те Алматы әкімдігініӊ ғимаратына кіріп, кабинеттердіӊ бірінде ішінен қамалып алады. Екі сағат бойы сыртқа шықпаған ер адам ешқандай талап қоймаған, алайда өзімен бірге шабадан бар екенін айтқан. Бұдан сезіктенген полицейлер әкімдік пен көрші ғимараттан барлық адамды эвакуациялайды, екі сағат бойы ер адаммен келіссөздер жүргізеді. Сағат 13:35-те Рычков өз еркімен полицияға берілген, ІІД баспасөз қызметініӊ алдын ала ақпаратынша, ер адам 2008 жылы шығарылған сот шешіміне көӊілі толмағандықтан осындай қадамға барған екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны