02.06.2016, 16:18 3458

Созақта көпсалалы цех ашылды

Оӊтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында балалар мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цех ашылды

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында балалар мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цех ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мақсат Исаев барша балаларды мерекемен құттықтап, басты мақсат-қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша жұмыспен қамтып, шығарылған өніммен өндіріс орындарын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Аталған цехтыӊ жұмысын жандандыру үшін, "КАТКО" ЖШС-гі тігін машиналарын, "Инкай" ЖШС-гі шаштараз бен етікші жабдықтарын алуға демеушілік көрсетіп, он екі тігін, бір қолғап машинасы алынды. Қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген цехта қазіргі таӊда 14 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысын бастады. Шаштараз, етікші, тігінші сынды мамандар қазірдіӊ өзінде аудан халқына қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта жұмыспен қамтылатын мүгедек жандардыӊ саны 25- 30 адамға дейін жетіп, қосымша, компьютер жөндейтін, пластик терезе шығаратын қызмет көрсету түрлері де іске қосылады деп күтілуде.Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цехтан тігілген киімдерді, Қазатомпром АҚ қарасты уран өндіретін компаниялар тұтынатын болады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны