26.05.2010, 12:45 3383

Степногорск қаласындағы балабақша қызметкерлерінің арасынан стафилококк қоздырғышын тасымалдаушылар анықталды - телеарна

Степногорск қаласындағы балабақша қызметкерлерінің арасынан стафилококк қоздырғышын тасымалдаушылар анықталды - телеарна

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Степногорск қаласындағы балабақша қызметкерлерінің арасынан стафилококк қоздырғышын тасымалдаушылар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Степногорск қаласындағы "Иван-царевич" атты озық үлгідегі балабақшаның іш ауруына шалдыққан тәрбиеленушілері бұзылған тағамнан ұшынғаны анықталды. Іші өтіп, басы айналған 8 сәби мен бір тәрбиеші өткен жұмада ауруханаға жеткізілген еді. Олардан стафилококк микробтары анықталды.

"Сараптама жүргізген санитар дәрігерлер бұл жағдайға балабақша қызметкерлерінің өздері кінәлі деген тоқтамға келді. Ас сапасыз азық-түліктен даярланған және дұрыс сақталмаған. Оның үстіне, дәрігерлер балабақшаның бірнеше қызметкерін науқас болуы мүмкін деген күдікпен тексеріп жатыр. Ал кінәлі деп танылған мекеменің меңгерушісі, мейірбике мен аспаз әкімшілік жауапқа тартылды",- делінген сюжетте.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Мұхарам Иминовтың айтуынша, "Тағамды сақтап әзірлеу технологиясын өрескел бұзған. Балалар сол күні бүлінген сүт, ботқа, ет орамасын жеп, мерзімі өтіп кеткен апельсин шырынын ішкен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны