28.09.2015, 13:12 4169

"Stop-трафик" республикалық жедел іс-шараныӊ нәтижелері туралы ақпарат

Республика аумағында үш күн бойы өткізілген "СTOП-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасыныӊ нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Республика аумағында үш күн бойы өткізілген "СTOП-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасыныӊ нәтижесінде бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қабылданған шаралардыӊ нәтижесінде полиция қызметкерлері 56 қылмысты анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, оныӊ ішінде пайдалану мақсатында адам ұрлау- 1, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартудыӊ - 2; кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту-1, кәмелетке толмағанды сатудыӊ - 2, жезөкшелікпен айналысуға тартудыӊ - 8 және жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстаудыӊ- 36 фактісін анықтады.

Көрінеу жезөкшелікпен айналысу және жеӊгетайлық үшін үй-жайлар беру бөлігінде (ИҚБтК 450-бабы) 14 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар жүргізу барысында Көліктегі ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері Астана қаласы тұрғыныныӊ айыбымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 262-бабы бойынша құрамында екі адам бар (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) 2 факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Атырау облысыныӊ ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 23 жастағы Құлсары қаласыныӊ тұрғынын ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 134-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысыныӊ ІІД ҰҚҚКБ Жанғалы ауданыныӊ аумағында еӊбекте пайдалану мақсатында адам саудалау фактісін анықтады, көрсетілген ауданныӊ 60 жастағы тұрғыны ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстіӊ 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Қостанай облысыныӊ ІІД ҰҚҚКБ Қарасу ауданыныӊ аумағында еӊбекке пайдалану мақсатында адам саудалау фактісін анықтады, көрсетілген ауданныӊ шаруа қожалығыныӊ иесі ұсталды. Бұл ретте Қылмыстық кодекстіӊ 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Операция барысында ішкі істер органдарыныӊ арнайы мекемелеріне жеке басын анықтау үшін 17 адам орналастырылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны