12.04.2010, 16:54 3114

Су қоймаларындағы жағдай үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жауап береді - Божко

Су қоймаларындағы жағдай үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жауап береді - Божко

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Су қоймаларындағы жағдай үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жауап береді. Бұл туралы бүгін еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко журналистер сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің назар аудартайын дегенім, сіздердің барлықтарыңызда ақыл бар, ол үшін кім жауап беретінін оқып алыңыздар. Су қоймаларындағы жағдай үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау мәселелеріне ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жауап береді, құрылыс үшін құрылыс комитеті жауапты, ал мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мен азаматтық қорғаныс үшін жауап беремін", - деп мәлімдеді В. Божко.

Оның хабарлауынша, еліміздегі барлық гидроқұрылғыларға жүргізілген тексеру нәтижесінде "қазір суға толып тұрған қойма елде жоқ" екені анықталды.

"Еліміздегі барлық су қоймалары толығымен үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес бақылауға алынды. Олардың барлығында да күнделікті мониторинг жүргізілуде. Қажеттілік бар жерде, тіпті біздің қаупіміз бар, жекелеген су қоймаларында біз суды мүмкін көлемнен артығымен ағызып жібергенге ұқсаймыз. Бірақ меніңше, мұндай жағдайда өздеріңізге белгілі оқиғаларға байланысты сақ болу артық", - деді ол.

"Иесіз қалған су қоймаларын анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ал ондайлар - елімізде 77. Яғни, оалрды коммуналдық меншікке қабылдау қажет, ол бақылау үшін және шарттағы міндеттемелерін орындамай отырғандарын және сондай-ақ, еліміз үшін стратегиялық маңызы барларын жеке меншіктен қайтарып алу үшін қажет. Бірқатар қожайындар қайтаруға келісімдерін берді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны