19.08.2022, 15:13 38641

Су тапшылығы Орталық Азиядағы қақтығыстарға әкелуі мүмкін - сарапшы

Соңғы 50 жылда мұздықтардың 30 пайызы еріген.
АЛМАТЫ. 19 ТАМЫЗ - Алдағы уақытта мемлекетаралық шиеленістер ауызсу тапшылығынан туындауы мүмкін. Өйткені аптап ыстықтан соңғы 50 жылда мұздықтардың 30 пайызы еріген. Бүгін Орталық Азиядағы өткір проблемаларды талқыға салған әлем және отандық сарапшылар осылай дейді.
 

Климаттың проблемасы өте үлкен. Жылдан жылға тауларда су азайып бара жатыр. Біз, Қазақстан суға өте тәуелді елміз. Қазақстанға су Қырғызстан, Тәжікстан, үлкен өзендер сол жерден келеді", - деді Әлемдік экономика және саясат интитутының сарапшысы Ерсұлтан Жансейітов.

 
Ғаламшарымздағы температура біртіндеп көтерілуінен, таудағы мұздықтар тоқтамай еріп жатыр. Ал мұздықтар – біздің өңірде тіршілік нәрінің негізгі көзі. Оның тапшылығы алдымен ауыл шаруашылығын ақсаңдатады. 
 
Сондықтан сарапшылар Орталық Азия мемлекеттері ынтымақтаста болғаны абзал деп отыр. 
 
Биыл шілде айында Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші консультатив кездесуінде аймақтық 5 елді дамыту жөніндегі достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған еді. Серпінді келісімдер елдер арасындағы қарым-қатынастардың түбегейлі жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. 
 
Ендігі мәселе – қабылданған құжаттағы шарттарды толық орындалуы. Себебі, Орталық Азияда су проблемасынан бөлек, шешілмей жатқан мәселелер жетерлік. Сондықтан бүгін Алматыда бас қосқан отандық және әлем сарапшылары 5 елдің арасындағы етене жақын қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. 
 

Орталық Азиядағы ынтымақтастық, кем дегенде қазіргі экономикалық қысымды төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, алыс кетпей, дүкендерге кіріп, былтырғы бағалар мен қазіргі бағаларды салыстырып қарасақ болады. Тіпті кейбір тауар мүлдем жоқ. Оны жасырудың да қажеті жоқ. Біз бұл шығындарды Орталық Азиядағы интеграция арқылы өтей алатынымызды жақсы түсінеміз. Қарапайым қанттың өзін Өзбекстаннан ала аламыз. Ол жақта біз үйреніп қалған ақ қант болмаса да, Қазақстанның оңстүстік аймағында кең таралған науат бар", - дейді саясаттанушы Рустам Бурнашев.

 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:судефицит

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны