20.04.2015, 19:54 4201

Су тасқыныныӊ алдын алу және олардыӊ салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасуда

Ақмола облысында су айдындарындағы су деӊгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Целиноград ауданыныӊ Қосшы аулында Нұра өзенініӊ бойымен бөгенді нығайту жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта 3 100 астам құм салынған қап төселді. Қосымша 1 100 тонна инертті материал жеткізілді.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып хабар беру және халықты оқыту бөлімініӊ бастығы Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республиканыӊ су тасқыны қауіпті өӊірлерінде алдын алу шараларын және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

Ақмола облысында су айдындарындағы су деӊгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Целиноград ауданыныӊ Қосшы аулында Нұра өзенініӊ бойымен бөгенді нығайту жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта 3 100 астам құм салынған қап төселді. Қосымша 1 100 тонна инертті материал жеткізілді.

Тайтөбе, Қызыл Жар, Талапкер, Қаражар ауылдарында су сору жұмыстары жалғасуда. Ағанас аулына азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды, онда 21 тұрғын үйді су басқан. Жол қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, 240 тонна инертті материал жеткізілді.

Қазіргі уақытта Р. Қошқарбаев аулына баратын автожолдыӊ 500 шақырым жол төсемі қалпына келтірілді. Ақмол аулындағы тұрғын үйлер бойын үю жұмыстары аяқталды.

Жаӊажол және Отаутүскен ауылдарынан алдын ала 91 тұрғын эвакуацияланды. Жер-жерде үю жұмыстары жүргізілуде, су деӊгейіне тәулік бойы бақылау жүргізу тоқтатылған жоқ.

Астрахан ауданыныӊ Старый Колутон аулыныӊ тұрғындары ықтимал су басу қатері туралы құлақтандырылды. Ықтимал су басу аймағында орналасқан тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Ауылда ІІМ ТЖ комитетініӊ құтқару бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілікте.

Құтқару бөлімшелері Атбасар қаласында да тәулік бойы кезекшілікте, онда үйлерден және аула маӊындағы аумақтардан су сору жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Соӊғы деректер бойынша 2 үйдіӊ жертөлесіне су жиналған.

Қарағанды облысында Абай ауданыныӊ Қарақоға аулыныӊ 18 тұрғыны өз үйлеріне қайтып оралды. 11 адам эвакуацияда. Сонымен қатар Абай ауданыныӊ Огороды аулыныӊ және Бұқар жырау ауданыныӊ Ғ. Мұстафин атындағы, Тассуат, Көбетей, Майоровка ауылдарыныӊ 672 тұрғыны эвакуацияда.

Ғ. Мұстафин атындағы ауылда 124 тұрғын үйден су шығарылды, аулаларды тазалау және су басқан үйлерден мүлікті эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Садовое және Ынтымақ ауылдарындағы үйлерден су толық кетті.

Құтқару бөлімшелері Балықтыкөл елді мекеніне азық-түлік және гуманитарлық көмек өткел арқылы жіберіліп жатыр. Сонымен қатар құтқарушылар Қарой аулына қайықтармен адамдарды және гуманитарлық көмек жіберуде.

Құланөтпес, Соналы және Жанбөбек ауылдарына гуманитарлық көмек жіберу үшін МИ-8 тікұшағы тартылған.

Майоровка аулында су деӊгейініӊ төмендеуі байқалады, ондағы 131 тұрғын үйлеріне оралды.

Ақтоғай ауданыныӊ Қарасу кентінде 7 үй жартылай қирады.

Жер-жерде суды сорып алу, патрульдеу, су деӊгейін бақылау, қорғаныш біліктерін тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Көлбала өзенініӊ маӊында тұратын Ұлан ауданыныӊ Бестерек аулыныӊ 17 тұрғыны алын ала эвакуацияланды. 65 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. ІІМ бөлімшелерініӊ, жергілікті атқарушы органдардыӊ және тартылған ұйымдардыӊ тәулік бойы кезекшілігі қойылды.

Павлодар облысыныӊ Баянауыл және Екібастұз өӊірлерінде автиомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. "Қазақавтожол" РМК күшімен Қараши және Теӊдік ауылдарында 120 шақырым жол төсемі қалпына келітрілді.

Солтүстік Қазақстан облысында Сілеті өзенініӊ арнасында тасқын сулардыӊ өтуіне мониторинг жалғасуда, бақылау бекеттері орнатылған. Қулыкөл және Қаратал ауылдарында айдалған 722 мал қайтарылды.

Аққайыӊ және Темирязев аудандарында Қиялы және Степное ауылдарынан су сору және су бұратын каналдарды құру жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта еліміздіӊ бес облысында 2 142 үйден су кетті, 276 үй су астында қалып отыр.

16 154 эвакуацияланғандардан 10 017 адам өз үйлеріне қайтып оралды, 1623 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр.

Автомобиль жолдарыныӊ 140 зақымдалған учаскесініӊ 63-і қалпына келтірілді. Тасқын судан 9 көпір қирады.

Соӊғы деректерге сәйкес 22 028 метр уақытша бөген тұрғызылды, 3 211 метр бөгет қалпына келтірілді, 92 512 қапқа құм салынып төселді, 289 759 куб.м су сорылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 6 308 адам, 1 691 бірлік техника, 112 су соратын құрылғы, 107 жүзу құралы қатыстырылды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны