07.12.2017, 21:47 8449

Сүлейман Демирель атындағы университеттіӊ аға оқытушысы Ермек Тоқтаров "Үздік жас ғалым" атанды

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай Алматы облысы әкімініӊ жыл сайынғы "Көшбасшы - 2017" сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Ир түрлі салада табанды еӊбек етіп, жетістікке жеткен жас талант иелерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Алматы. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне орай Алматы облысы әкімініӊ жыл сайынғы "Көшбасшы - 2017" сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Ир түрлі салада табанды еӊбек етіп, жетістікке жеткен жас талант иелерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Қатысушылар "Жас журналист", "Үздік студент", "Жас ғалым", "Жас әскери қызметкер", "Үздік жас отбасы", "Жас дәрігер", "Жас өнерпаз", "Жас мемлекеттік қызметкер", "Жас ұстаз", "Жас кәсіпкер", "Үздік ауыл шаруашылық маманы", "Жас спортшы", "Жас батыр" сынды 17 номинация бойынша марапатталды. Қуаныштысы, Сүлейман Демирель атындағы университеттіӊ аға оқытушысы Ермек Тоқтаров "Үздік жас ғалым" атанып, арнайы дипломмен қаржылай сертификатқа ие болды.

Бұл көшбасшылар жеке тұлға ретінде және кәсіби жетістіктерімен өзгелерге үлгі боларлықтай біздіӊ заманныӊ жаӊа батырлары. Бұлардыӊ марапатқа лайық еӊбектері ел ертеӊі үшін биік белестерді бағындыруға жол ашатын нақты тірек, - деп атап өтті облыс әкімі сыйлықтарды табыстай отырып.

Айта кеткен жөн, Ермек Тоқтаровтыӊ өзі қарапайымдылық танытып, елімізде бұдан да биік дәрежеге ие талантты жастар көп деген пікірде. Жас ғалым өзіне табысталған марапатты - таӊдаған саласы бойынша табанды еӊбекті әрі қарай жалғастыру үшін артылған үлкен сенім деп түсінеді.

Ермек Тоқтаров Павлодар қаласыныӊ тумасы, қарапайым отбасынан шыққан. Айтуынша, білімге деген құштарлығы 40 жыл мектепте тәлім берген нағашы әжесінен дарыған қасиет. Жас ғалым 2016 жылы "Қазақстандықтардыӊ ұлттық сәйкестігін трансформациялаудағы ғаламтордыӊ ролі" тақырыбында диссертациясын қорғаған. Ғалымныӊ айтуынша, зерттеу мен әлеуметтік-философиялық талдау барысында отандық ғылым мен шетелдік ғылымда әлі күнге дейін шешімін таппаған көптеген тыӊ дүниелер табылған. Өзініӊ ғылыми жұмысында Ермек заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен виртуалдық шынайылық ұлттық сәйкестікті қалай қалыптастырады деген сұрақтарды зерттеген. Оныӊ пікірінше, елімізде виртуалды қарым-қатынас жаӊадан қалыптасып, коммуникативтік тәжірибе виртуалды түрге көшуде. Айта кеткен жөн, Ермектіӊ 2013 жылы басталған ғылыми жұмысы Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында жарық көрген ұлттық бірегейлікті сақтау идеясымен сәйкес келіп, бүгінгі күн тәртібінде кеӊінен талқыға салынған өзекті сұрақтардыӊ бірі болып табылады.

- Жалпы, кеӊес дәуірінен кейінгі кеӊістікте ұлттық саясатттыӊ сұрақтары ерекше маӊызды болып, ұлттық даму кезеӊінен өтіп, өз бетінеше мемлекет құрып келе жатқан елдерге ғана емес, сонымен қоса Орталық Азия елдеріндегі жағдайды бақылап отырған халықаралық қауымдастықтыӊ да ерекше назарында, - деп түйіндейді Ермек Тоқтаров.

Жас ғалым аталмыш тақырыпты саясаттанушы, дінтанушы, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы әріптестерініӊ қатысуымен өткен түрлі кәсіби алаӊдарда көтеріп, бірқатар жағымды пікірлерге ие болған. Ермектіӊ айтуынша, Қазақстанныӊ жас ғалымдары ғылыми салада дами алатын зор мүмкіндікке ие.

- Шын мәнінде шетелдік мақалаларды оқи отырып, қандай да бір бірегей жаӊалықтарды көрмеймін, негізінде олар қарапайым зерттеулер ғана. Ондай ғылыми жұмыстарды біздіӊ ғалымдар да жасап жүр. Егер де біз бұған көбірек көӊіл аударып, оны ағылшын тілінде жазатын болсақ, біздіӊ ғылыми еӊбектеріміз шетелдік ғалымдардыӊ жұмысынан артық болмаса, еш кем емес. Бізде әлемдік деӊгейде тыӊ жаӊалықтар ашатын көптеген таланттар бар.СДУ-да бұл үшін жан-жақты жағдай жасалған және оқу орныныӊ басшылығы көрсетіп отырған қолдауына зор алғысымды білдіремін, - дейді Тоқтаров.

Бүгінгі таӊда ЕрмекТоқтаров еӊ жас философия ғылымдарыныӊ докторы, Phd маманы, 19 ғылыми мақаланыӊ авторы (оныӊ 6 - шетелдік, 13 - отандық). Ғалым алдағы уақытта бірегей ғылыми зерттеулер жүргізіп, шетелдік жоғары рейтингтегі баспраларға еӊбектерін жариялап, сонымен қоса ғылыми саланыӊ менеджментін игеруді көздеп отыр. Білім ордамызда ғалым құқық және әлеуметтік ғалымдар факультетінде философияныӊ және саясаттанудыӊ жалпы курстарынан сабақ береді. Оныӊ пікірінше ғалымға біріншіден дәріс беру, білген-түйгенін жадында сақтауға, жаӊа мүмкіндіктер ашып, әрі жастарға ғылымныӊ соӊғы жаӊалықтарын жеткізуге зор мүмкіндік береді. СДУ студенттеріне және барлық қазақ жастарына Ермек Тоқтаров өз күштеріне сеніп, аянбай еӊбек етіп, тек ғана алға ұмтылуды тілейді.

Сандаған жылдар бойы кемеӊгерліктіӊ тылсым жұмбағыныӊ шешіміне ғалымдардыӊ бірнеше ұрпағы жауап іздеуде. Біреулері тұқым ерекшелігімен байланыстырса, екіншілері дарындылық біліммен келеді дейді. Ал өзгелері болса "кемеӊгер болып туылады" деген ұстанымда. Ал біз қазіргі заманныӊ кемеӊгерлері ортамызда деп зор мақтанышпен айта аламыз, олар қоғамныӊ дамуына үлес қосып, биік белестерді бағындырып, отандық ғылымды кеӊінен насихаттап жүр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны