22.01.2015, 19:05 4042

Светлана Жақыпова адамдардыӊ қандай дерттен көбірек мүгедектікке шалдығатынын айтты

Адамдардыӊ мүгедекке айналуындағы еӊ бірінші себеп - қан айналымындағы ауруларға шалдығу болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстыру барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Адамдардыӊ мүгедекке айналуындағы еӊ бірінші себеп - қан айналымындағы ауруларға шалдығу болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мәжілісінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын таныстыру барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

"Елімізде 627 мыӊ мүгедек тұрады. Олар республика бойынша жалпы халық саныныӊ 3,7 пайызын құрайды. Бұлардыӊ ішінде еӊбек жасындағы мүгедек жандар 65 пайыздан, зейнет жасындағылар 24 пайыздан, балалар 11 пайыздан асып отыр. Тірек-қимыл аппараты бұзылғандардыӊ саны 142 мыӊ адам немесе 22 пайыз, көру қабілеті бұзылған азаматтардыӊ саны 75 мыӊ немесе 12 пайыз, есту қабіті бұзылғандар 22 мыӊ адам немесе 4,3 пайызды құрайды. Адамдардыӊ мүгедекке айналуындағы еӊ бірінші себеп - қан айналымындағы ауруларға шалдығу болып отыр. Екінші орында балалардыӊ психоневрологиялық ауытқулармен туылуы тұр. Үшіншіден - қызметке байланысты аурулар", - деп атап өтті вице-министр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ата кетейік, заӊ жобасы 24 нормативтік-құқықтық актіге, оныӊ ішінде 4 кодекске өзгерістер енгізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны