06.05.2016, 11:56 5701

Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еӊбеккерлерін Жеӊіс күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге барды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еӊбеккерлерін келе жатқан Жеӊіс күнімен құттықтады

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге барды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еӊбеккерлерін келе жатқан Жеӊіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысыныӊ 71-ші Жеӊісіне арналған "Ұлы Жеӊіске мыӊ тағзым!" атты салтанатты жиында сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова: "1945 жылдыӊ 9 мамыры - еліміздіӊ батырлық шежіресінде мәӊгілікке жазылған ерекше күн. Сіздердіӊ қайсарлықтарыӊыз бен ерліктеріӊіз, сондай-ақ ерен еӊбектеріӊіз бізге Жеӊіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздыӊ есімі ел есінде мәӊгі сақталмақ. Соғыстан кейін де сіздер бар күш-жігерлеріӊізді еліміздіӊ қайта қалпына келуіне, одан әрі өркендеуіне арнап, ел игілігі үшін аянбай еӊбек еттіӊіздер. Сіздердіӊ еӊбектегі ерліктеріӊіз бен батырлықтарыӊыз өскелеӊ ұрпаққа зор өнеге", - деді.

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, "Нұр Отан" партиясы мен ардагерлер ұйымдарыныӊ өкілдері қатысты. Жиын барысында ҰОС ардагерлері мен тыл еӊбеккерлері үшін әскер генералы С. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" Республикалық мектебініӊ 83205 әскери бөлімі әскерлерініӊ, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерініӊ арнайы салтанатты марш-шеруі өтті.

Министр ҰОС ардагерлері және тыл еӊбеккерлерімен бірге мекеме алаӊында ағаш отырғызып, мерекелік концертке қатысты.

Кездесу соӊында Тамара Дүйсенова ардагерлерге денсаулықтарыныӊ зор болуын, өмір жастарыныӊ ұзақтығын тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі таӊда Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік ұйымда 304 адам - оныӊ ішінде 4 ҰОС ардагерлері, оларға теӊестірілген 16 азамат, 34 тыл еӊбеккерлері бар.

Естеріӊізге сала кетейік, ҰОС жеӊісініӊ 71 жылдығына қарай жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге көмек көрсету мен оларды марапаттау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда. 2016 жылға арналған жергілікті бюджетте ардагерлерге берілетін бір реттік материалдық көмекке 2,6 млрд. теӊге көлемінде қаржы қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны