14.02.2020, 21:12 10917

Түркістан облысының Отырар ауданы Шәуілдір ауылында қарақшылық шабуыл жасаған төрт күдікті тұтқынға алынды

6 ақпан күні аудан сотымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, күдіктілер босатылды.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - 13 ақпан күні Түркістан облысының соты Отырар ауданы прокурорының күдіктілерге қатысты істі "күзетпен ұстау шарасын" қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырды.

Еске салсақ, ақпан айының 3-нен 4-не қараған түні Отырар ауданы Шәуілдір ауылында қарақшылық шабуыл жасалған болатын.

Сол күні Отырар ауданы ПБ ҚК 192-бабы (қарақшылық) мен 291-баптарымен (қаруды қорқытып алу) тергеп-тексеру басталған. Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа күдікті ретінде 4 азамат анықталып, тұтқынға алынды.

05 ақпан күні күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат құжаттармен бірге Отырар ауданының сотына жолданды.

06 ақпан күні аудан сотымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылып, күдіктілер босатылды.

Бұндай шешім шығаруға сот өтінішхат заңда көзделген мерзімде жолданбай ҚПК талаптары сақталмағанын негізге алған.

Алайда аудан прокуратурасы аталған сот қаулысын негізсіз деп тауып, ол жөнінде облыстық сотқа апелляциялық өтінішхат келтірді.

Түркістан облысы апелляциялық сот алқасының 13.02.2020 жылғы қаулысымен прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылып, күдіктілер сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны