12.05.2020, 21:43 3713

Төтенше жағдай кезіне тартылған әскерилер мен техника өздерінің бөлімдеріне оралады

Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вируспен күресте маңызды міндеттер жүктелді.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Төтенше жағдай кезіне тартылған әскерилер мен техника өздерінің бөлімдеріне оралады.

Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блокбекеттерінде күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады.

Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күштерімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады.

Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вируспен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блокбекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны