02.06.2008, 19:16 2873

Табиғатты пайдаланушылардың іс-қызметіне араласуға бағытталған кез-келген әрекетке тосқауыл қою керек -ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Табиғатты пайдаланушылардың іс-қызметіне араласуға бағытталған кез-келген әрекетке тосқауыл қою керек -ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өз қызметкерлері тарапынан табиғатты пайдаланушылардың іс-қызметіне араласуға бағытталған кез-келген әрекетке тосқауыл қоймақ ниетте. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Нұрлан Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Табиғатты пайдаланушылардың іс-қызметіне араласуға бағытталған кез-келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек", - деді Н. Ысқақов. Оның айтуынша, "тек өткен жылдың екінші жартысында және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдарының бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу дерегіне қатысы бар екені анықталды".

Оның айтуынша, "мұндай қылмыстардың басты әрі негізгі себебі рұқсат беру және инспекция жүргізу саласындағы шешімдерді қабылдаудың ашық емес екендігі болмақ".

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің төрағасы Мұрат Рахымбергеновтың айтуынша, көп жағдайда "нұсқаулар превентивтік сипатта және жобаларды "жедел қарау" деректері бар". "Беті ашылған заң бұзушылықтар мен аумақтық басқармалардың жұмысындағы кемшіліктер лауазым иелерінің, бірінші кезекте, бірінші басшылардың өз міндетіне деген немқұрайдылығын көрсетеді", - деді М. Рахымбергенов.

Оның айтуынша, "өткен жылдың аяғында жаңадан құрылған экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің басты функциясы - құрылымдық бөлімшелердің іс-қызметін бақылау және жұмысты үйлестіру болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны