03.04.2013, 13:42 3285

Таяу арада Қазақстанда ЖЖМ бағасы бұрыңғы деңгейінде қалады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың сәуірінде жанар-жағармай материалдарына тарифтердің өсуі күтілмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың сәуірінде республика бойынша ЖЖМ бағасы артпайды", - деді А.Алпысбаев.

Сонымен қатар, ол ағымдағы айда газ бен суға тарифтер еліміздің 3 өңірінде өзгеретінін атап өтті.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтерді арттырудың себептері негізінен өзіндік құны 30%-дан асатын электр энергиясы құнын көтеру, химреагенттер, материалдардың, жөндеу жұмыстарын жүргізуге шығындар бағасының артуы, негізгі қаражаттарды қайта бағалау нәтижелерін толық көлемде қосу болып табылады.

Бұдан өзге, тарифке ықпал су жабдықтау жүйесін қайта құру және жетілдіруге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру әсер етеді.

Осылайша, Атырау облысында су жабдықтау және су бұру 56,7 % және 12,5 %-ға қымбаттайды. Қостанай облысында 33 % және 46%. Павлодар облысында - 17%-ға су бұру, ал 15%-ға кәріз қызметтері қымбаттады.

Мұнан бөлек, газбен жабдықтау қызметтеріне бағалар ағымдағы жылдың сәуірінде республикамыздың 5 өңірінде өзгерді. Олардың артуының басты себебі сатып алынатын газ бағасының 44 %-ға артуы, тарату желілері бойынша газ тасымалдауға тарифтердің 5%-дан 12%-ға өсуімен өзгеруі болып табылады.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысында газ құнының артуы 28,3%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында - 0,27%-ды, Маңғыстау облысында аудандарға байланысты өсу 1-ден бастап 24%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны