18.01.2011, 12:58 3832

Тақтан тайған Тунистің президенті елден 1,5 тонна алтын алып кетті

Тақтан тайған Тунистің президенті Зина эль-Абидина Бен Али елден 1,5 тонна алтын алып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Тақтан тайған Тунистің президенті Зина эль-Абидина Бен Али елден 1,5 тонна алтын алып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, Тунистің Орталық банкіне президенттің отбасының алтын қорын алу туралы оның әйелі өтініш білдірген. Бірақ банк оның өтінішін қанағаттандырмағннан кейін Зин эль-Абидин Бен Алидің өзі хабарласқан. Бастапқыда оның өтінішіне де қарсылық білдіргенмен, банк басшылығы кейінірек оө шешімдерін өзгерткен.

Болжам бойынша, алтынды шетелге елбасының әйелі алып кеткен. Баспаның мәліметтеріне сүйенсек, президенттің жұбайы Тунистен құны 45 млн болатын бір жарым тонна алтынды алып кеткен. Қазір Зин эль-Абидин Бен Али Сауд Арабиясында бас сауғалауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны